1XBET - ставки на спорт

Конор Макгрегор америкалық Макс Холлоуэймен реванш өткізеді

Конор Макгрегор америкалық Макс Холлоуэймен реванш өткізеді

Ирландиялық танымал файтер Конор Макгрегордың UFC-дегі оралу жекпе-жегіне арналған билеттер небәрі төрт минуттың ішінде толық сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 329 турнирі 12 шілде күні Лас-Вегаста өтеді. Кештің басты кездесуінде Конор Макгрегор америкалық Макс Холлоуэймен реванш өткізеді. Бұған дейінгі жекпе-жекте Макгрегор төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жылдары ирландиялық спортшы жарақат пен допингке байланысты мәселелерге тап болды. Қазір ол антидопинг ережелерін бұзғаны үшін алған дисквалификациясын өтеп жатыр. Оның шектеу мерзімі 2026 жылдың наурызында аяқталады.

Айта кетелік, Макгрегор соңғы рет 2021 жылы Дастин Порьемен кездесіп, бірінші раундта аяғын сындырып алған еді. Содан бері ол UFC октагонына шықпаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или