Бұрынғы чемпион жартылай орта салмақтағы жағдайға алаңдаулы
UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Генри Сехудо Карлос Пратес пен Майкл Моралес арасындағы жекпе-жекті мүмкіндігінше тезірек ұйымдастыру қажет деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық спортшының пікірінше, Ислам Махачев пен Иэн Гарри арасындағы ықтимал айқасқа қатысты белгісіздік жартылай орта салмақ дәрежесінің дамуына кері әсерін тигізіп жатыр.
Сехудо бұл пікірді тек өзі ғана емес, басқа да мамандар қолдайтынын айтты.
Оның сөзінше, Пратес пен Моралес кездесуін өткізудің басты себебі – Махачев пен Гарри жекпе-жегінің нақты қашан өтетіні белгісіз болып тұрғаны.
Бұрынғы чемпионның айтуынша, бұл айқас қазан айына дейін шегерілуі де мүмкін.
Сехудо мұндай жағдай жартылай орта салмақтағы дивизионның қозғалысын тежеп отырғанын атап өтті.
Ол UFC түрлі мәлімдемелер жасағанымен, дивизионның әрі қарай дамуы үшін нақты шешімдер қажет екенін жеткізді.