1XBET - ставки на спорт

Қытайлық файтер Макаодағы турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қытайлық файтер Макаодағы турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қытайлық аралас жекпе-жек шебері Сонг Ядонг UFC Fight Night 277 турнирінің басты жекпе-жегінде Дейвисон Фигейредуды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Макаода өткен кездесу екінші раундта аяқталды.

Жекпе-жек барысында Ядонг қарсыласын «гильотина» әдісіне түсіріп, ауыр жағдайға қалдырды.

Бразилиялық файтер бірнеше секундтан кейін жеңілгенін мойындап, төрешіге белгі беруге мәжбүр болды.

28 жастағы Сонг Ядонг үшін бұл жеңіс ерекше маңызды болды. Себебі ол алдыңғы жекпе-жегінде Шон О’Мэллиге төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген еді.

Ал 38 жастағы Дейвисон Фигейреду кәсіби мансабына тағы бір жеңіс қоса алмады.

Бұрынғы UFC чемпионы қарсыласының елінде өткен турнирдің басты айқасында мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или