Қазақстандық жауынгер Oktagon турниріндегі екінші жеңісін тойлады
Қазақстандық жауынгер Дастан Амангелді (11-1) Oktagon турниріндегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Oktagon 89 турнирінің кардында алғашқы болып октагонға көтерілді және Моктар Бенкасимен (25-11) кездесті. Нәтижесінде қазақстандық жауынгер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Француз үшін бұл қатарынан екінші жеңіліс болды. Ал Дастанның енді алты жеңістен тұратын сериясы бар. Бұған дейін ол Қазақстандағы Naiza турнирлерінде жекпе-жек өткізген, онда оның рекорды - 9-1.
Айта кетейік, Дастан Амангелді Еуропаның UFC-і аталып кеткен Oktagon лигасындағы дебюттік жекпе-жегінде де бразилиялық Вандерлей Джуниорды (18-12) төрешілер шешімімен жеңген еді.
Еске салсақ, бүгінгі турнирде қазақстандық тағы бір файтер Жалғас Жұмағұлов (19-9) бразилиялық Игорь Севериномен (10-1) Oktagon лигасының қос титулы үшін жекпе-жек өткізеді.
Жалғас Жұмағұлов – Игорь Северино. Тікелей трансляция
Жалғас Жұмағұлов Oktagon турниріндегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады