Жалғас Жұмағұлов – Игорь Северино жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
Бүгін, 6 маусым күні түнде қазақстандық MMA файтері Жалғас Жұмағұлов (19-9) бразилиялық Игорь Севериномен (10-1) Oktagon лигасының қос титулы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир Қазақстан уақытымен 21:00-де басталды. Ал Жалғас Жұмағұлов жекпе-жегі түнгі 02:00-ге жоспарланған.
OKTAGON 89 турнирінің барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде ұйымның ресми сайтынан жазылым арқылы көруге болады.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA турниріндегі алдыңғы жекпе-жегін 28 желтоқсанда Прага қаласында (Чехия) өткізіп, онда тағы бір бұрынғы UFC файтері Дэвид Дворакты (22-7) мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Жалғас Жұмағұлов Oktagon турниріндегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады