Жалғас Жұмағұлов Словакиядағы турнирде сынға түседі

Жалғас Жұмағұлов Словакиядағы турнирде сынға түседі

Қазақстандық MMA файтері Жалғас Жұмағұлов (19-9) пен оның қарсыласы бразилиялық Игорь Северино (10-1) Oktagon лигасының қос титулдық жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

6 маусымда спортшылар Словакияның Братислава қаласында өтетін Oktagon 89 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. 

Таразыда Жалғас Жұмағұлов 61,1 келіні, ал қарсыласы 60,85 келіні көрсетті. Жеңіл салмақтағы шек- 61,2 келі.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA турниріндегі алдыңғы жекпе-жегін 28 желтоқсанда Прага қаласында (Чехия) өткізіп, онда тағы бір бұрынғы UFC файтері Дэвид Дворакты (22-7) мерзімінен бұрын жеңген болатын.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или