Словакиядағы жекпе-жек өтпеген болып жарияланды
Маусымның 6-нан 7-іне қараған түні Словакияның Братислава қаласында аралас жекпе-жектен Oktagon 89 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты шайқасында Oktagon аса жеңіл салмақтағы титул иегері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен жеңіл салмақтағы чемпион бразилиялық Игорь Северино кездесті. Ұйымның екі титулдық белбеуі бәске тігілді.
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ жеңімпаз анықталмай мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Северино Жұмағұловтың шап тұсынан сол қолымен қатты соққы беріп, қазақстандық файтер әрі қарай төбелесе алмай қалды. Нәтижесінде жекпе-жек өткізілмеді деп жарияланды.
Осылайша, Игорь Северино жеңіл салмақтағы титулын сақтап қалды, ал Жалғас Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы белбеуін сақтап қалды.
Қазақстандық жауынгер Oktagon турниріндегі екінші жеңісін тойлады
Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады