Иван Дычко BoxRec рейтингіндегі орнын жақсартты
BoxRec статистикалық порталы ауыр салмақтағы әлемнің үздік кәсіпқой боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған рейтингте қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 71-орынға жайғасты. Ол өткен аптада Англияның Борнмут қаласында өткен жекпе-жекте британдық Харви Дайксты нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңген еді. Бұл нәтиже оның BoxRec рейтингіндегі көрсеткішіне оң әсер етті.
Ал аса ауыр салмақтағы фавориттердің бірі саналатын Баходир Жалолов рейтингте 16-орында тұр. Сондай-ақ өзбекстандық тағы бір боксшы Лазизбек Муллажанов 85-орынға орналасты. Ол Лазизбек Муллажанов әуесқой бокста допинг дауына ілінген. Дегенмен оған кәсіпқой рингте өнер көрсетуге рұқсат берілген.
Иван Дычко кезекті жеңісін тойлады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или