Иван Дычко алғашқы жеңілісінен кейін рингке көтерілді

Иван Дычко алғашқы жеңілісінен кейін рингке көтерілді

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кезекті жеңісін тойлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол (16-1, 14 КО) Англияның Борнмут қаласында өткен Zuffa Boxing 7 турнирінде жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкспен (7-1-1) жұдырықтасты. Қарсылас кәсіпқойлар арасында нокаутсыз жүріп, әуесқойлар арасында Англия чемпионы атанған.

Жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа дейін жалғасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Иван Дычко 2025 жылдың қыркүйегінде өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Джермейн Франклинге төрешілер шешімімен есе жіберген болатын. Бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болып тіркелген еді.

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінен шығып қалды

Қазақ боксшысы Майамиде америкалықтың сазайын берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или