1XBET - ставки на спорт

Батыр Жүкембай мен өзбекстандық боксшының жекпе-жегі өтпейтін болды

Батыр Жүкембай мен өзбекстандық боксшының жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембай мен өзбекстандық Шохжахон Эргашев арасындағы айқас өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұны Батыр Жүкембайдың өзі әлеуметтік желіде хабарлап, нақты себебі өзіне де беймәлім екенін атап өтті.

«Бүгін мен үшін жағымсыз жаңалық келді. Өкінішке қарай, жекпе-жек болмайтын болды. Бұл хабарды кездесу күні жақындап қалған кезде естідім. Барлығыңыз білесіздер, соңғы бес ай бойы осы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, айқасқа жүз пайыз дайын болуға тырыстым. Алайда жекпе-жектің өтуі немесе өтпеуі маған байланысты емес. Бес айлық еңбегім зая кетті деп қол қусырып отырмаймын. Керісінше, мұндай сынақтар мені одан әрі шыңдай түседі. Алда әлі жақсы жаңалықтар болады деп сенемін», – деді Батыр Жүкембай.

Айта кетейік, Шохжахон Эргашев пен Батыр Жүкембай арасындағы бәсеке 6 маусым күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» өтуі керек болған еді.

Батыр Жүкембай бұған дейін соңғы айқасын 2025 жылдың сәуір айында Астанада британиялық Кейн Гарднерге қарсы жұдырықтасқан. Нәтижесінде төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінен шығып қалды

Қазақ боксшысы Майамиде америкалықтың сазайын берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или