Қаржы мәселесі Алматы хоккейінің болашағына көлеңке түсірді

Қаржы мәселесі Алматы хоккейінің болашағына көлеңке түсірді

Алматыдағы кәсіби хоккей клубтарының болашағы белгісіз күйде қалып отыр. Қаржыландыру мәселесінің шешілмеуі жаңа маусым алдындағы дайындыққа қауіп төндіріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдын ала жоспар бойынша Алматы әкімдігі келесі маусымға ерлер, жастар және әйелдер командаларын қаржыландыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер командаларының ел чемпионатына қатысуына 1,3 миллиард теңге бөлмек болған. Алайда мемлекеттік сатып алу конкурсы бірнеше рет өткізілгенімен, нәтижесіз аяқталған.

Сондай-ақ ерлер және әйелдер хоккейі бағыттары бойынша қаржыны бөлу мәселесінде қиындықтар туындаған. Осыған байланысты әйелдер хоккей клубында жалақының бірнеше айға кешігуі де қоғам назарын аударған.

Егер мәселе жақын уақытта шешімін таппаса, Алматыдағы кәсіби хоккей клубтарының жаңа маусымға дайындығы мен жарыстарға қатысуы қиынға соғуы мүмкін. 

Айта кетелік, бұл жағдай қаладағы хоккейдің болашағына қатысты алаңдаушылық тудырып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или