Жаңартылған рейтинге Қазақстан хоккей құрамасының орны белгілі болды
Халықаралық хоккей федерациясы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл рейтингте Қазақстан құрамасы 17-орында тұр. Отандастарымыз 2027 жылы әлем чемпионаты элиталық дивизионында А тобында бақ сынайды.
Рейтинг бойынша көш басында Финляндия құрамасы келеді. Одан кейінгі орындарға Швейцария, Норвегия құрамалары жайғасқан.
Үздік жиырмалыққа енген құрамалар
- 1. Финляндия
- 2. Швейцария
- 3. Норвегия
- 4. Канада
- 5. Чехия
- 6. Латвия
- 7. Швеция
- 8. АҚШ
- 9. Словакия
- 10. Германия
- 11. Акстрия
- 12. Дания
- 13. Словения
- 14. Венгрия
- 15. Италия
- 16. Ұлыбритания
- 17. Қазақстан
- 18. Украина
- 19. Франция
- 20. Польша
Айта кетсек, Польшаның Сосновец қаласында өткен хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионатының І дивизиондағы А тобында Қазақстан мен Украина құрамалары элиталық дивизионға жолдама алды. Ал Жапония құрамасы келесі маусымда В тобына түсіп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или