1XBET - ставки на спорт

Астаналық клуб жетістігі үшін марапатталды

Астаналық клуб жетістігі үшін марапатталды

Астаналық «Барыс» клубы ҚХЛ маусымының қорытындысы бойынша серіктестермен жұмыс бағытындағы жетістігі үшін арнайы марапат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2 маусым күні Мәскеуде өткен ҚХЛ мен МХЛ клубтарына арналған маркетинг және коммуникациялар семинарында түрлі аталымдар бойынша үздіктер анықталды. «Барыс» өз тарихында алғаш рет «Креативті көзқарасы және серіктестермен белсенді жұмысы үшін» сыйлығын жеңіп алды.

Бұл марапат клубтың коммерциялық және маркетингтік бағыттағы еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетті. 

Айта кетелік, соңғы маусымда астаналық ұжым жанкүйерлермен және серіктестермен байланыс орнатуда бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или