Евгений Павловтың келесі қарсыласы анықталды
Супер жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Евгений Павловтың (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінде титулға таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 шілдеде АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында Павлов колумбиялық Альбейро Паредеске (14-2, 12 КО) қарсы жұдырықтасады. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, бос тұрған WBC Continental Americas супер жартылай жеңіл салмақтағы титулы бәске тігіледі.
Евгений Павлов 2026 жылы екінші жекпе-жегін өткізгелі отыр. 25 сәуірде екі жылдық үзілістен кейін кәсіби дебют жасап, Балтиморда америкалық кіші Эль Антонио Дантон (6-6-2, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтпейтін болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или