Иван Дычконың рингке қашан шығатыны белгілі болды
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко 6 маусым күні шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкспен жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Иван Дычко 2025 жылдың қыркүйегінде өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Джермейн Франклинге төрешілер шешімімен есе жіберген болатын. Бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды – 15-1 (14 КО).
Қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстандық боксшы WBA рейтингінен шығып қалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или