Ильфат Абдуллин Veronica's Cup халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Ильфат Абдуллин Veronica's Cup халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өткен садақ атудан Veronica's Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Спортшы жекелей классикалық садақ ату жарысында финалға шықты.

Шешуші кездесуде Абдуллин Сачин Гуптаны (Үндістан) 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстан әйелдер арасындағы садақ ату бойынша командалық жарыста да қола медаль жеңіп алды.

Елді бұл жарыста Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или