Қазақстандықтар триатлоннан жақсы нәтиже көрсетті
Қазақстандық триатлоншы Арлан Жанабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы қашықтықты 54 минут 43 секундта бағындырып, жарыстың қорытынды хаттамасында қола жүлдегер атанды.
Жарыста бірінші орынды ресейлік Роман Минеев жеңіп алды, ал күміс жүлде қытайлық Минсюй Лиге бұйырды.
Айта кетелік, Қазақстанның өзге өкілдері де жарысқа қатысып, жақсы нәтиже көрсетті: Аян Бейсенбаев 11-орын, Максим Шмулич 26-орын, ал Темірлан Темиров 28-орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или