Алдияр Рамазанов Испаниядағы әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді

Алдияр Рамазанов Испаниядағы әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді

Әртістік жүзуден Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл жолы ел қоржынына медальді Алдияр Рамазанов салды.

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 223,0833 ұпай жинады.

Италиялық Филиппо Пелати 229,7325 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Испаниялық Энеко Санчес Агилар 228,4342 ұпаймен күміс медальға ие болды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Виктор Друзин жарысты бесінші орынмен аяқтады. Оның нәтижесі - 203,5667 ұпай.

Айта кетейік, бұл Алдияр Рамазановтың аталған турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Ясмина Исламовамен жұптасып, техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді.

Алматыда 200-ден астам адам велошеруге қатысты

XDS Astana Team велошабандозы жалпы есепте жүлдеге ілікті

Нариман Курбанов Словениядағы Challenge Cup кезеңінің финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или