Алматы қаласында 200-ден астам адам велошеруге қатысты

Алматы қаласында 200-ден астам адам велошеруге қатысты

Алматыда Жеңіс күнінен орай, бұқаралық велошеру ұйымдастырылды. Іс-шараға 200-ден астам велоспорт әуесқойы қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Велошеру қаланың орталық көшелері арқылы өтті.

— Қатысушылар сапарын «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап, Әл-Фараби даңғылы, Саин, Рысқұлов даңғылдары, Шығыс айналма жолы, Төле би, Қонаев және Гоголь көшелерімен жүріп өтті. Велошеру 28 гвардия-панфиловшылар атындағы саябақта мәресіне жетті. Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырым болды, — делінген ақпаратта.

Іс-шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или