XDS Astana Team Бельгиядағы беделді жарыстарға қатысады
Қазақстандық XDS Astana Team велокомандасы 6-7 маусым күндері Бельгияда өтетін екі беделді біркүндік жарыста бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдымен команда 6 маусымда өтетін «Хейстсе Пейл» жарысына қатысса, келесі күні «Брюссель велоклассикасында» өнер көрсетеді.
Жарысқа Арьен Ливинс, Давиде Тонеатти, Глеб Сырица және Хаоюй Су қатысады. Сондай-ақ команда құрамында даму жобасының өкілдері Алессио Делле Ведове мен қазақстандық велошабандоз Артем Фофонов та бар.
Айта кетелік, аталған жарыстар Еуропаның тасжол велоспорты күнтізбесіндегі маңызды додалардың қатарына кіреді және жыл сайын мықты спортшылардың басын қосады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или