Қазақстандық велошабандоздар Азия ойындарының жүлдесіне таласад

Қазақстандық велошабандоздар Азия ойындарының жүлдесіне таласад

Қазақстанның тректегі велоспорттан ұлттық құрамасы командалық спринт бойынша іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу жарысында Данияр Шаяхметов, Дмитрий Резанов, Кирилл Курдиди және Андрей Чугайдан құралған Қазақстан квартеті 44,328 секунд нәтиже көрсетіп, күннің үшінші уақытын тіркеді.

Қазақстандықтардан Жапония (43,301 секунд) мен Қытай (43,691 секунд) құрамалары ғана жылдам болды.

Үшінші нөмірмен жарысқа түсетін Қазақстан құрамасы бірінші кезеңде алтыншы нәтиже көрсеткен Малайзия командасымен кездеседі. Малайзиялықтар іріктеу кезеңін 44,827 секундпен аяқтады.

Жекпе-жекте жеңіске жеткен команда тікелей финалға жолдама алып, Азиада медальдары үшін күресін жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или