Александр Бублик жұптық турнирде иығынан жарақат алды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гарростың» жұптық жарысынан иығындағы жарақатқа байланысты бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Теннисшінің айтуынша, жарақатты Ян-Леннард Штруффқа қарсы матч кезінде алған. Төртінші сетте екінші допты берген сәтте иығында қатты ауырсыну сезілгенін айтты.
Осыдан кейін Бубликке қолын жоғары көтеру қиын болып, жұптық турнирден шығу туралы шешім қабылдаған. Қазір жарақаттың нақты диагнозы белгісіз.
Айта кетелік, қазақстандық теннисші Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында германиялық қарсыласына төрт сетте де есе жіберген болатын.
«Ролан Гаррос»-2026: Бубликтің матчында сенсациялық нәтиже тіркелді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или