Ресейлік теннисші Рыбакинаның «Ролан Гарростағы» мүмкіндігіне баға берді

Ресейлік теннисші Рыбакинаның «Ролан Гарростағы» мүмкіндігіне баға берді

Ресейдің танымал теннисшісі Екатерина Макарова қазақстандық Елена Рыбакинаның «Үлкен дулығада» әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2013 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сындағы чемпионы Екатерина Макарова Рыбакинаның бұл мақсатқа жетуіне күмәнмен қарайтынын айтты.

«Шынымды айтсам, оған сену қиын. Себебі бұл  Еленаның ыңғайына келмейді. Ол осы мақсатқа толық дайын болып, оны жүзеге асыра алады деп нақты айта алмаймын» деді Макарова.

Айта кетелік, «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сыны 24 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или