Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы U13 жас санатында қарсыластарынан басым түсті.
Жарыс барысында Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Финалда жергілікті спортшы Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 есебімен (11:7, 11:3, 11:7) ұтты.
Қазіргі таңда Жәния Бекмұхамбетова әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или