Бокстан жарыстарға қатысу жас мөлшері бекітілді
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорттық резервті даярлау және жоғары дәрежелі спортшыларды іріктеу процесін реттейтін 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрыққа түзетулер енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұйрыққа сәйкес, спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшеріне қатысты өзгерістер жасалды. Бұдан былай боксшылар 11 жастан бастап жарыстарға қатысатыны белгіленді. Бұл шешім жас спортшылардың денсаулығын сақтау және жарыс жолына дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін боксшылар 13 жастан бастап ресми түрде жарыс алаңына шығу мүмкіндігіне ие еді.
Ташкентте бокстан жасөспірімдер арасында АЧ өтуде
World Boxing құрамына қабылданған елдердің саны 175-ке жетті
Головкин басқаратын World Boxing құрамына жеті жаңа федерация қосылды