Азия чемпионаты: 16 боксшымыз жартылай финалда сынға түседі
Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Ташкентте U17 жас санатында қыздар арасында Азия чемпионатының финалистері анықталды. Қазақстан құрамасынан 8 боксшы шаршы алаңға шығып, 5 спортшы ақтық сынға жолдама алды.
Бүгінгі күнде тіркелген нәтижелер:
46 келі. Милана Иншина Рухшабону Ахадоваға (Өзбекстан) жол берді.
50 келі. Хатшепсут Садвакасова айқын басымдықпен Рим Алмарахиді (Иордания) жеңді
57 келі. Розалия Вайдеман Сара Коноға (Жапония) есе жіберді.
60 келі. Балым Ғабитқызы 3:2 Ишика (Үндістан)
66 келі. Аяулым Оспанова 5:0 Харнур Каур (Үндістан)
70 келі. Айлин Ходжамбердиева 1:4 Карина Илмуратова (Өзбекстан)
75 келі. Диана Надырбек 5:0 Лобар Шаймонова (Өзбекстан)
80 келі. Жансая Ержан айқын басымдықпен Гуенх Хуонг Хоангты (Вьетнам) жеңді.
Жеңіліс тапқан Милана Иншина, Розалия Вайдеман және Айлин Ходжамбердиева қола жүлдегер атанды.
Ертең қазақстандық 8 ұл жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді.
50 келі. Нұрасыл Ғалым - Сеонгмин Квон (Оңтүстік Корея)
52 келі. Бекхан Уразбай - Жейден Прайс (Бахрейн)
57 келі. Нұрислам Оңалбек - Матин Чамипа (Иран)
60 келі. Эмир Мухит - Избирмухаммет Муратдурдуу (Түркіменстан)
63 келі. Мейіржан Жүніс - Жеонгмин Парк (Оңтүстік Корея)
66 келі. Ислам Сулейманоглы - Ризван Исаев (Қырғызстан)
80 келі. Әлібек Алпамыс - Самир Сабуров (Түркіменстан)
+80 келі. 1/2 финалСабыржан Сағым - Жунсеонг Ким (Оңтүстік Корея)
Айта кетейік, бұл жас санатындағы финал 15 мамырға жоспарланған.
World Boxing құрамына қабылданған елдердің саны 175-ке жетті
Головкин басқаратын World Boxing құрамына жеті жаңа федерация қосылды