Чимаев UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақытын атады

Чимаев UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақытын атады

UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев алдағы жекпе-жектеріне қатысты жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чимаев қазір бар назарын Шон Стриклендке қарсы айқасқа аударғанын айтты. Оның сөзінше, жекпе-жектен кейін өзін жақсы сезінсе, қазан айында Абу-Дабиде тағы бір кездесу өткізгісі келеді.

«Абу-Даби менің үйім секілді. Арена үйімнен бес минуттық жерде орналасқан. Сол жерде жұдырықтасу керемет болар еді» деді файтер UFC баспасөз қызметіне.

Айта кетелік, 10 мамырда АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтетін UFC 328 турнирінде Хамзат Чимаев америкалық экс-чемпион Шон Стриклендпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или