Холлоуэй: Макгрегормен жекпе-жекке қатысты нақты келісім жасалған жоқ

Холлоуэй: Макгрегормен жекпе-жекке қатысты нақты келісім жасалған жоқ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Макс Холлоуэй Конор Макгрегормен мүмкін болатын екінші жекпе-жек туралы тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық файтердің айтуынша, қазір реваншқа қатысты ешқандай ресми келісім жасалмаған. Ол жаттығу процесі әдеттегідей өтіп жатқанын және нақты келісімшартсыз дайындалу үстінде екенін атап өтті.

«Біздің арада бірде-бір келісім орнаған жоқ. Жаттығу бұрынғыдай-ақ қалыпты өтіп жатыр. Келісімшартсыз» деді Холлоуэй.

Айта кетелік, ол соңғы жекпе-жегін наурыз айында UFC 326 турнирінде өткізіп, Чарльз Оливейраға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілген еді. Ал Конор Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде UFC 264 турнирінде Дастин Порьеге техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или