Қазақстандық мерген Әлем кубогында тарихи алтын жеңіп алды

Қазақстандық мерген Әлем кубогында тарихи алтын жеңіп алды

Әсем Орынбай атудан Әлем Кубогі кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Скит» бағдарламасында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда 33 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті. Осылайша ол биыл өзі орнатқан әлемдік рекордты қайталады.

Екінші орынды Қытай спортшысы иеленсе, үшінші орын Италия өкіліне бұйырды. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін бұл жарыстағы алғашқы алтын жүлде болды. 

Айта кетелік, жарыс Алматы қаласында өтіп жатыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или