Қазақстан Колумбиядағы турнирге қатысады

Қазақстан Колумбиядағы турнирге қатысады

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Колумбияның Медельин қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық жарыста ұлттық құраманың тоғыз спортшысы бақ сынайды.

Ел намысын Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Нұржан Әбжанов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғайды.

Турнир 8-10 мамыр аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Венгрияның Будапешт қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерлік Сертай күміс жүлдеге ие болған еді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или