Қазақстан Азия кубогын 2 алтын және 2 күміс жүлдемен аяқтады
Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жасөспірімдер арасында қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды. Рамазан Айнегов пен Алуа Нұрмұхамбет өз жарыстарында бірінші болып келіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар Калерия Шнейдер күміс медаль иеленді.
Ересектер санатында тағы бір жүлдені Дарын Қонысбаев тағынып, күміс медальға қол жеткізді.
Айта кетелік, осымен Қазақстан құрамасы Азия кубогын 2 алтын және 2 күміс жүлдемен аяқтады.
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы жүлдесін иеленді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или