Венариядағы U17 матчынан кейін шу шықты
Италияның Венария қаласында өткен 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы футбол матчы жанжалға ұласып, төреші отбасына қауіп төндірген оқиға тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуде «Торино» командасы соңғы минуттарда белгіленген пенальти арқасында жергілікті «Венария Реале» клубын 4:3 есебімен жеңді. Ойын аяқталған соң трибунадағы жанкүйерлер мен ата-аналар арасында шиеленіс күшейіп, жағдай бақылаудан шыққан.
Ең ауыр жағдай 16 жастағы әйел төрешінің отбасына қатысты болды. Олар сөзбен қорлау мен физикалық шабуылға ұшырап, әкесі жарақат алған. Кейін олар полиция келгенше спорт кешенін тастап кетуге мәжбүр болды.
Айта кетелік, клуб басшылығы оқиғаны егжей-тегжейлі анықтап, кінәлілерге шара қолданылатынын мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или