Алматы қаласында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталды

Алматы қаласында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталды

Алматыда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Турнирге 500-ден астам мерген қатысуда.

Жүлделер «трап» және «скит» жаттығулары бойынша, сондай-ақ, аралас командалар арасындағы жарыста сарапқа салынады.

Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының сапында 20 спортшы өнер көрсетеді.

Дүбірлі дода 11 мамырға дейін жалғасады. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтуде.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или