«Салават Юлаевтың» клубы қаржылық қиындыққа тап болды
Салават Юлаев клубы қаржылық дағдарысқа ұшырады. Команда бірнеше мүлкін, соның ішінде автобустар мен автокөліктерді кепілге қойған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздердің хабарлауынша, сәуір айының басында клубтың бес банктік шоты қарызға байланысты қайтадан бұғатталған. Қазір шектеулер алынғанымен, Салават Юлаев соңғы бірнеше ай бойы тұрақты қаржыландыру ала алмай отырғаны айтылуда.
Айта кетелік, уфалық клуб «Барыс» командасымен бірге КХЛ Шығыс конференциясында өнер көрсетеді. Өткен маусымда олар плей-оффтың екінші кезеңіне дейін жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или