Қазақстан хоккейшілері элитаға оралу үшін күресті бастайды
Қазақстан құрамасы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионы (А тобы) турнирін бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс 2–8 мамыр аралығында Польшадағы Сосновец қаласында өтеді. Қазақстанға Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва құрамалары қарсылас болады.
Ережеге сәйкес, турнир соңында үздік екі команда элиталық дивизионға жолдама алады.
Айта кетелік, Қазақстан алғашқы ойынын 2 мамырда Литваға қарсы өткізеді.
Қазақстан хоккейшілері элиталық дивизионға жолдама алу үшін күреседі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или