Ресми: «Барыс» ресейлік қақпашымен құрамын толықтырды

Ресми: «Барыс» ресейлік қақпашымен құрамын толықтырды

Астаналық «Барыс» Челябінің «Трактор» клубымен жасалған келісім нәтижесінде 26 жастағы ресейлік қақпашы Дмитрий Николаевты қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлықтық хоккей лигасының ресми мәліметінше, екі клуб ойыншы алмасу туралы келісімге келген. Нәтижесінде Ресей құрамасының бұрынғы қақпашысы Дмитрий Николаев «Барысқа» ауысты. Ал «Трактор» оның орнына ақшалай өтемақы алды.

Николаев ҚХЛ-да 175 матч өткізіп, қарсыластар соққысының 92,1 пайызын қайтарған. Сондай-ақ 11 кездесуде қақпасына шайба жібермеген. Оның сенімділік коэффициенті 2,36-ны құрайды.

Ресейлік қақпашы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы матчын 2021/2022 жылғы маусымда Санкт-Петербургтің СКА клубы сапында өткізген. Ал 2026 жылдың қаңтарында «Тракторға» ауысқан болатын.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 15 қарашада өз алаңында Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама