ҰХЛ-да 1000-нан астам матч өткізген хоккейші «Сібірге» ауысты

ҰХЛ-да 1000-нан астам матч өткізген хоккейші «Сібірге» ауысты

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін «Сібір» клубы канадалық шабуылшы Эвандер Кейнмен бір жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы хоккейші Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орында тұрған команданың шабуылын күшейтуі тиіс.

Кейн Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) 16 маусым өткізіп, «Атланта Трэшерз», «Виннипег Джетс», «Баффало Сейбрз», «Сан-Хосе Шаркс», «Эдмонтон Ойлерз» және «Ванкувер Кэнакс» клубтарында ойнаған.

Ол тұрақты чемпионатта 1001 матч өткізіп, 648 (339+309) ұпай жинаған. Ал Стэнли кубогының плей-офф кезеңінде 97 кездесуге қатысып, 55 (32+23) ұпай еншілеген.

Канадалық шабуылшы «Эдмонтон» сапында 2024 және 2025 жылдары екі рет Стэнли кубогының финалына шыққан.

Өткен 2025/26 жылғы маусымда Кейн «Ванкувер» құрамында 71 матч өткізіп, 31 (13+18) ұпай жинады.

Айта кетейік, бұл – Кейннің ҚХЛ-ға екінші рет келуі. Ол 2012/13 жылғы маусымда ҰХЛ-дағы локаут кезінде Минскінің «Динамосында» ойнап, 12 кездесуде 2 (1+1) ұпай жинаған.

«Сібірдің» бас директоры Лев Крутохвостов тәжірибелі шабуылшыны қатарға қосу туралы пікір білдірді.

«Кейнмен келісімшарт жасау белгілі бір тәуекелдерге толы екенін түсінеміз. Қазір жасарған командамызға кейде жеңіске жету үшін бір ғана гол жетіспейді. Әсіресе, сан басымдығы кезінде немесе овертаймда. Бізге нағыз көшбасшы қажет.

Эвандердің мінезі оңай емес екенін білеміз. Бірақ командаға дәл осындай мінезді, өзгелерді соңынан ерте алатын ойыншы керек шығар. Ол командаға қуат, батылдық және шабуылда күш қоса алады. Оның басты артықшылықтарының бірі сан басымдығы кезіндегі ойыны. Бізге дәл осы бағытта нәтижені жақсарту қажет», – деді клуб басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама