«Барыс» тоғыз матчқа созылған сырт алаңдағы сериясын аяқтады
Астаналық «Барыс» 17 қазан мен 8 қараша аралығында сырт алаңда тоғыз кездесу өткізді. Енді елордалық клуб 12 және 15 қарашада өз мұз айдынында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Кравец шәкірттері осы уақыт аралығында Новосібір, Хабаровск, Владивосток, Екатеринбург, Минск, Санкт-Петербург және Челябі қалаларында матч өткізді.
«Барыстың» сырт алаңдағы тоғыз матчының нәтижесі:
• 17 қазан. «Сибирь» – «Барыс» – 0:1
• 19 қазан. «Амур» – «Барыс» – 5:2
• 21 қазан. «Адмирал» – «Барыс» – 5:4 (овертайм)
• 26 қазан. «Автомобилист» – «Барыс» – 4:1
• 28 қазан. «Динамо» (Минск) – «Барыс» – 0:1
• 30 қазан. «Шанхай Дрэгонс» – «Барыс» – 2:4
• 4 қараша. «Трактор» – «Барыс» – 2:1
• 6 қараша. «Адмирал» – «Барыс» – 5:4
• 8 қараша. «Амур» – «Барыс» – 2:0
Осылайша, «Барыс» тоғыз кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, алтауында жеңіліс тапты. Оның біреуі овертаймда тіркелді.
Қазіргі уақытта астаналық команда 25 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бесінші орында тұр.