ҚХЛ матчының басталу уақыты қайта шегерілді
Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы «Салават Юлаев» пен «Лада» командалары арасындағы матч Тольятти клубының ұшағы кешіккендіктен тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу бүгін, 4 қарашада өтеді. Енді ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады. Бұған дейін матчтың басталу уақыты бір сағатқа шегерілген болатын.
«Лада» хоккей клубының рейсі кешіккендіктен, ҚХЛ чемпионатының 246-матчі — «Салават Юлаев» пен «Лада» арасындағы кездесудің басталу уақыты Мәскеу уақытымен 17:00-ге ауыстырылды. Қосымша өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы лига қосымша хабарлайды», — делінген ҚХЛ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
«Салават Юлаев» бұл кездесуге қатарынан үш рет жеңіліс тапқан күйде келеді. Ал «Лада» биылғы маусымда алғаш рет қатарынан екі матчта жеңіске жетті.