Қазақстан жастар құрамасы Болашақ кубогына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстан жастар құрамасы Болашақ кубогына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстан жастар хоккей құрамасы 5-8 қараша аралығында Санкт-Петербургте өтетін Болашақ кубогына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ұлттық құрама сапына 25 хоккейші енді. Оның үшеуі – қақпашы, тоғызы – қорғаушы, 13-і – шабуылшы.

Қақпашылар: Дмитрий Ряшин, Кирилл Мыльников, Артемий Пермяков (барлығы – «Снежные Барсы»).

Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Никита Дубинкин, Санжар Ибрагим, Никита Ломако, Расул Турсынов, Спартак Чукреев, Дархан Хафаров (барлығы – «Снежные Барсы»), Святослав Евплов («Спартак»), Даниил Медведев («Номад»).

Шабуылшылар: Владислав Ануфриев, Игнат Баланчик, Таир Бигаринов, Илья Громов, Аристарх Киреев, Михаил Коленко, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Александр Симахин, Жахангер Тлеухан (барлығы – «Снежные Барсы»), Артур Глухих («Торпедо»), Матфей Катасанов («Алматы»).

Команданың бас бапкері болып Максим Худяков тағайындалды. Оның жаттықтырушылар штабына Игорь Желтоножко мен Алексей Обухов кірді. Қақпашыларды дайындауға Александр Колюжный, бейнеталдауға Виктор Терехов, ал физикалық дайындыққа Андрей Кисель жауап береді.

Қазақстан жастар құрамасының бас менеджері қызметін Александр Корешков атқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама