Михаил Кравец ҚХЛ бапкерлері рейтингінде жетінші орынға көтерілді

Михаил Кравец ҚХЛ бапкерлері рейтингінде жетінші орынға көтерілді

«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ мамандарының жаңартылған рейтингінде жетінші орынға жайғасты. Ресейлік маман бір апта ішінде үш сатыға жоғарылады, деп жазады Prosports.kz.

«Чемпионат.com» басылымы 22 маманды қамтыған жаңартылған тізімді жариялады. Рейтингті құрастыру кезінде командалардың осы маусымдағы нәтижелері, ойын сапасы, клуб басшылығының бапкерлерге деген сенімі және жанкүйерлер пікірі ескерілген.

Қазан айында Михаил Кравецтің рейтингтегі орны бірнеше рет өзгерді. Айдың ортасында астаналық клубтың бас бапкері үшінші орында болса, бір аптадан кейін оныншы сатыға төмендеген еді. Енді ол үш орынға көтеріліп, үздік жетілікке қайта қосылды.

Рейтингтің көшін «Торпедо» командасының бапкері Алексей Исаков бастады. Екінші орынға «Шанхай Дрэгонс» өкілі Митч Лав жайғасса, үздік үштікті ЦСКА бапкері Игорь Никитин түйіндеді.

Алғашқы ондыққа Константин Шафранов («Металлург»), Дмитрий Квартальнов («Локомотив»), Игорь Гришин («Нефтехимик»), Михаил Кравец («Барыс»), Александр Андриевский («Амур»), Алексей Жамнов («Спартак») және Андрей Козырев («Северсталь») енді.

Рейтингтің соңғы үш орнын Сергей Брылин («Динамо» Минск), Евгений Шалдыбин («Сочи») және Игорь Горбенко («Лада») иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама