«Барыстың» екі хоккейшісі ҚХЛ-дің символикалық құрамына енді
2026/2027 жылғы маусымның екінші айының қорытындысы бойынша ҚХЛ чемпионаттың үздік хоккейшілерінен құралған символикалық құрамды жариялады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Үздіктер қатарына елордалық «Барыстың» екі өкілі – қақпашы Андрей Шутов пен шабуылшы Джастин Бэйли енді.
Сондай-ақ символикалық құрамнан магнитогорскілік «Металлург» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов та орын алды.
ҚХЛ нұсқасы бойынша айдың үздік алты хоккейшісі:
Қақпашы:
• Андрей Шутов («Барыс»).
Қорғаушылар:
• Иоаннис Калдис («Северсталь»).
• Валерий Орехов («Металлург»).
Шабуылшылар:
• Никита Гусев («Сочи»).
• Нэйтан Тодд («Металлург»).
• Джастин Бэйли («Барыс»).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или