Леонид Тамбиев «Динамо» бас бапкері қызметінен шеттетілді

Леонид Тамбиев «Динамо» бас бапкері қызметінен шеттетілді

Мәскеулік «Динамо» клубының басшылығы Леонид Тамбиевті бас бапкер қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мәскеулік «Динамо» Леонид Тамбиевті қызметінен шеттетті. Бүгін ол команданың жаттығуын өткізген жоқ және сырт алаңдағы ойындарға аттанатын құраммен бірге жолға шықпады. Бас бапкердің міндетін бұған дейін жаттықтырушылар штабында қорғаушыларға жауап берген Олег Ореховский атқарады», – деп жазады «Спорт-Экспресс».

2026 жылдың сәуірінде команданы тізгіндеген маман «Динамоға» қажетті серпін бере алмады. Клуб басшылығының мұндай шешім қабылдауына команданың турнирдегі сәтсіз нәтижелері себеп болған.

ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы 24 ойыннан кейін мәскеулік клубтың еншісінде небәрі 23 ұпай бар. Қазіргі уақытта команда Батыс конференциясының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Айта кетейік, Леонид Тамбиев хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына қатысқан жаттықтырушылар штабының құрамында болды. Сондай-ақ ол Қарағандының «Сарыарқа» клубын басқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама