«Барыстың» екі хоккейшісі «Адмиралға» қарсы матчтың үздік үш ойыншысының қатарына енді

«Барыстың» екі хоккейшісі «Адмиралға» қарсы матчтың үздік үш ойыншысының қатарына енді

Астаналық «Барыстың» шабуылшылары Джастин Бэйли мен Джейк Масси Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Адмиралға» қарсы өткен матчтың үздік үш ойыншысының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Канадалық Джастин Бэйли кездесудің екінші үздік ойыншысы атанды. Ол 52-минутта сан басымдығын пайдаланып, шайба соқты және есепті 4:4-ке теңестірді.

Ал оның отандасы Джейк Масси матчтың үшінші үздік ойыншысы деп танылды. Ол кездесуде екі нәтижелі пас берді.

Владивостокта өткен ойын тартысты әрі нәтижелі болды. «Барыс» кездесуді сәтті бастап, алғашқы минуттарда екі шайба соқты. Асанәлі Сәркенов пен Логан Дэй мергендігімен көзге түсті.

Алайда «Адмирал» есепті теңестіріп, кейін командалар бір-бірінің қақпасына кезекпен шайба соқты.

Нәтижесінде алаң иелері 5:4 есебімен жеңіске жетті. Владивостоктық клуб жеңіс шайбасын 58-минутта соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама