Овечкин «Вашингтонның» тарихи рекордын қайталады

Овечкин «Вашингтонның» тарихи рекордын қайталады

«Вашингтон Кэпиталс» капитаны Александр Овечкин клуб тарихындағы тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Вашингтон» сырт алаңда «Оттава Сенаторзды» овертаймда 3:2 есебімен жеңді.

Бұл кездесуде 41 жастағы ресейлік шабуылшы Коул Хатсонның овертаймдағы голына нәтижелі пас берді.

Осылайша, Овечкиннің «Вашингтон» сапындағы нәтижелі пастарының саны 762-ге жетті. Ол бұл көрсеткіш бойынша клуб рекордшысы Никлас Бэкстреммен теңесті. Швециялық хоккейші 1105 матчта 762 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Овечкин бұған дейін қатарынан жеті матчта ұпай жинай алмаған еді. Ол нәтижесіз сериясын «Оттаваға» қарсы кездесуде тоқтатты.

2026/27 жылғы маусымда ресейлік хоккейші 16 матч өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинады.

Овечкиннің ҰХЛ тұрақты чемпионатындағы жалпы статистикасы:

• Матч саны – 1589;

• Гол – 930;

• Нәтижелі пас – 762;

• Ұпай – 1692.

Енді Овечкин тағы бір нәтижелі пас берсе, «Вашингтон» тарихында гол, ұпай, өткізген матч және нәтижелі пас саны бойынша жеке-дара рекордшы атанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама