«Барыс» «Адмиралды» жеңіп, үш матчқа созылған сәтсіз сериясын тоқтатты

«Барыс» «Адмиралды» жеңіп, үш матчқа созылған сәтсіз сериясын тоқтатты

12 қарашада астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында өз алаңында Владивостоктың «Адмирал» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада өткен кездесу 4:2 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Мэйсон Морелли (9-минут), Аркадий Шестаков (47-минут) және дубль авторы Всеволод Логвин (54, 60-минуттар) көзге түсті.

Елорда командасы соңғы үш шайбасын үшінші кезеңде соғып, жеңісті жұлып алды. Ал «Адмирал» құрамынан Даниэль Усманов (20-минут) пен Михаил Грасс (20-минут) мергендік танытты.

Осылайша Михаил Кравец шәкірттері қатарынан үш матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты.

Бұл жеңістен кейін «Барыс» 27 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал 25 ұпайы бар «Адмирал» оныншы сатыда орналасқан.

Енді «Барыс» 15 қарашада өз алаңында Магнитогорскінің «Металлург» командасын қабылдайды. Ал «Адмирал» бір күн бұрын Мәскеуде «Спартакпен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама