Ротенберг хоккейден әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуді ұсынды

Ротенберг хоккейден әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуді ұсынды

Ресей хоккей федерациясының бірінші вице-президенті Роман Ротенберг хоккейден әлем чемпионатын Қазақстанда немесе Қытайда өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған Германияның әлем чемпионатын ұйымдастырудан бас тартуы мүмкін екені туралы ақпарат себеп болған. Германия мұндай шешімді Ресей құрамасының халықаралық жарыстарға қайта қатысуына байланысты қабылдауы мүмкін.

Ротенбергтің пікірінше, егер кейбір мемлекеттер турнирді өткізуден бас тартса, әлем чемпионатын Азия елдерінде ұйымдастыруға болады.

«Егер қандай да бір ел біздің хоккейшілерді жарысқа қатыстырмаса, әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу нұсқасын қарастыру керек деп ойлаймын. Қазақстан – толық тәуелсіз мемлекет. Азияда да әлем чемпионаттарын ұйымдастыруға болатынына сенімдімін. Біз Таиландта болдық, онда қажетті инфрақұрылым бар. Қытайда да әлем чемпионатын өткізуге болады. Бұл мәселеге кеңірек қарауымыз керек. Әлем дегеніміз – тек турнирлерді ұйымдастырып жүрген бірнеше мемлекет қана емес, бүкіл әлем», – деді Ротенберг ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, әзірге Қазақстанда әлем чемпионатын өткізуге қатысты ресми шешім қабылданған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама