Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис бір айға қатардан шықты
Магнитогорскінің «Металлург» клубында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Никита Михайлис жарақатына байланысты шамамен бір ай бойы мұз айдынына шыға алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
31 жастағы хоккейші 5 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Нефтехимикке» қарсы өткен кездесуде денесінің жоғарғы бөлігін жарақаттап алған.
Алдын ала болжам бойынша, Михайлистің толық қалпына келуіне төрт апта қажет.
Биылғы маусымда қазақстандық шабуылшы ҚХЛ тұрақты чемпионатында 25 матч өткізіп, сегіз шайба соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. Осылайша, оның еншісінде 17 ұпай бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или