ҚХЛ: 12 қарашада «Барыс» пен «Адмирал» кездеседі

ҚХЛ: 12 қарашада «Барыс» пен «Адмирал» кездеседі

Бүгін, 12 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2026/2027 жылғы тұрақты чемпионаты жалғасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 қарашаға жоспарланған ҚХЛ матчтарының кестесі:

19:00. «Металлург» – «Авангард»

19:00. «Автомобилист» – «Шанхай Дрэгонс»

19:00. «Салават Юлаев» – «Ак Барс»

19:30. «Барыс» – «Адмирал»

21:30. «Спартак» – «Амур»

Матчтардың басталу уақыты Қазақстан уақытымен көрсетілген.

Қазіргі уақытта Батыс конференциясының турнир кестесінде 25 матчта 39 ұпай жинаған ЦСКА көш бастап тұр. Ал Шығыс конференциясында 25 кездесуден кейін 38 ұпай еншілеген «Металлург» бірінші орында келеді.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының 2026/2027 жылғы тұрақты чемпионаты 2027 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады. Ал плей-офф кезеңі 23 наурыз бен 23 мамыр аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама