«Авангард» «Локомотивті» жеңіп, финалға жақындады
Омбының «Авангард» командасы 2026 жылғы Гагарин кубогының жартылай финалында Ярославльдің «Локомотивін» жеңіп, финалға шығуға жақындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Омбыда өткен серияның төртінші матчында жергілікті «Авангард» қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Осы жеңістен кейін сериядағы есеп 3–1 болып, омбылық клуб айқын басымдыққа ие болды.
Команда құрамында бұрын «Барыс» сапында өнер көрсеткен канадалық шабуылшы Майкл Маклауд та бар. Ол плей-офф кезеңінде «Авангардтың» маңызды ойыншыларының бірі ретінде көзге түсіп жүр.
Айта кетелік, енді омбылық клуб келесі матчта жеңіске жетсе, Гагарин Кубогы финалына жолдама алады. Плей-офф кезеңі 2026 жылдың 23 мамырына дейін жалғасады.
Гагарин кубогы: «Ак Барс» – «Металлург» матчының тікелей трансляциясы